Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Елімізде жаңа жол белгілері бекітілді

AstanaTV
25.04.2024ж. 16:57
227
Елімізде жаңа жол белгілері бекітілді

Әңгіме ағымдағы жылдың 1 мамырында қолданысқа енгізілетін ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулар туралы болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Негізгі жаңалықтардан:

1. Міндетті айырым белгісі: гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер қолдануға тиіс «Электромобиль» белгісі.

2. Жаңа жол белгілерін енгізу:

- Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкін болатын авариялық жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған «Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады»;

-«Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі»;

- «Қарама-қарсы жүріс бөлігіне қайта ауысу»;

- «Қарама-қарсы жүріс бөлігінің соңы».

Мүгедектігі бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ осындай адамдарды тасымалдайтындар үшін жол инфрақұрылымының қолжетімділігі көзделгенін ерекше атап өткім келеді.

Осы белгілердің кейбірі Алматы және Астана қалаларында тестілік режимде енгізілді және өз тиімділігін көрсетті, - деп жазылған хабарламада.