Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қасиетті Медина қаласын су басты

03.05.2024ж. 20:00
441
Қасиетті Медина қаласын су басты

Биыл Азияның біраз аймағы тасқынмен қоса аптап ыстықтан зардап шекті. Сауд Арабиясы мен Бразилия алапат сумен алысып жатса, Үндістан мен Таиландта күн жанып тұр. Салдарынан мектептер жабылып, төтенше жағдай жарияланды. Әлемдегі климаттық өзгерістер туралы толығырақ әріптесім Аружан Задабек тарқатады. Эфирде - Жер-жаһан айдары.

Қайырлы кеш, көрермен! Иә, Сауд Арабиясын су басты.Төпелеп жауған жаңбырдан бірнеше өңірде көшелер көлге айналған. Олардың ішінде ел астанасы Әр-Рияд пен қасиетті Медина қаласы да бар. Табиғи апатқа байланысты балабақша мен мектептер жұмысын тоқтатты. Өйткені елдің біраз бөлігінде екпінді жел мен нөсер әлі де сақталады. Сауд Арабиясы Парсы шығанағында тасқыннан зардап шеккен жалғыз мемлекет емес. Өткен айда Оманда топан судан 21 адам, ал Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 тұрғын қайтыс болған еді.

Бразилияда да жағдай мәз емес. Тоқтаусыз жауған жаңбыр мен алапат тасқыннан су электр станциясының бөгеті құлады. Салдарынан 30-дан аса адам қайтыс болды. 60 тұрғын жоғалып, 15 мыңдайы үйлерін тастап кеткен. Қазір жарты миллиондай адам жарықсыз, ауыз сусыз отыр. Топан судан бас-аяғы 134 қала зардап шеккен. Синоптиктер, алдағы уақытта жауынның жалғасатынын ескертті.

Эдуардо ЛЕЙТЕ, РИО-ГРАНДЕ-ДУ-СУЛ ГУБЕРНАТОРЫ:

Бұл біздің мемлекетте бұрын-сонды болмаған ең үлкен апат. Өте өкінішті.

Жоғарыда айтқан қос мемлекет тасқынға тосқауыл іздеп жүрсе, Үндістан мен Бангладеш тұрғындары бір тамшы суға зәру. Жануарлардың да хәлі мүшкіл. Қазір хайуанаттар дүкеніндегі сынап бағанасы 43 градустан асқан. Үндістандағы жағдай да осыған ұқсас. Елдегі ауыл-аймақта құбырлар істен шықты. Бір жұтым су табудың өзі қиынға шоғып отыр.

Сучитра ХАЛДАЛ, ТҰРҒЫН:

Су тапшылығы қатты байқалады. Бірнеше ұңғыма жұмысын тоқтатақан. Әзірге, ауызсуды алыс орналасқан ауылдардан әкеліп жүрміз. Басқа амалымыз жоқ. Кейін осыған да зар болып қалатын сеілдіміз.

Ми қайнатар ыстықтан Филиппиндіктер де зардап шекті. Су қоймасы құрғап, көне қаланың орны табылды. Тұрғын үйлердің, 19-ғасырға тиесілі шіркеуімен түрлі қорымдардың белгілері көрінді. Енді аймаққа туристер ағыла бастаған.

Әзірге, менде бар ақпарат осы. Біз жер-жаһандағы жаңалықтардан тыс қалмаймыз. Сіз де қалыс қалмаңыз! Келесіде жүздескенше! Әлем тыныш болсын!