Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Түйе шаруашылығына кенеден қауіп төнді

AstanaTV
04.05.2024ж. 00:12
347
Түйе шаруашылығына кенеден қауіп төнді

Маңғыстау облысында түйе шаруашылығына қауіп төнді, деп хабарлайды 24KZ.

Малшылар кене шаққан бірнеше ботаның өлгенін айтып, дабыл қағып жатыр.

Сәуірден бері шаруа қожалық иелері түйелердің жүнін қырқып, қораларды өз бетінше улап әлек. Алайда толық дезинфекция жүргізілмесе, бұл тірліктен нәтиже шықпайды, – дейді.

Сол себепті жергілікті биліктен көмек сұрап отыр. Өз кезегінде мамандар түйелерді жылына бір рет паразитарлық ауруларға қарсы ерітіндіге тоғыту қажеттігін және бұл жұмысты шаруаның өзі атқаратынын алға тартады.Сондай-ақ қораларды жиі тазалап тұруға кеңес береді.

Бердібек Марқабаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Әр кәсіпкер өз малында ауруды болдырмау жағдайына және де паразитарлық ауруларды болдырмау жағдайында шараларын алуға міндетті. Бүкіл паразитарлық ауруларға қарсы жұмыстарды өздері атқарады. Ал біздің тарапымыздан тек қана жұқпалы ауруларды болдырмау бойынша профилактикалық-диагностикалық іс-шаралар қызметін атқарамыз. Себебі осы қауіпті аурулардың туып кетпеу жағдайын біз қадағалаймыз.