Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді марапаттады

06.05.2024ж. 20:00
780
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді марапаттады

Сондай-ақ Мемлекет басшысының жарлығымен қорғаныс саласына қосқан елеулі үлесі үшін 29 адам орден-медальдармен марапатталды. Оған қоса Қорғаныс министрінің бұйрығымен 39 әскери қызметшіге ведомстволық "Ел қорғаны" медалі берілді. Марапаттарды Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов табыстап, жауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Сонымен қатар, су тасқынына қарсы күресте ерекшеленген мерзімді қызметтің 31 сарбазы «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздігі» төсбелгісін алды.

Ахмет ЖҰРТБАЕВ, С.НҰРМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ:

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына награда алып жатқаныма қуаныштымын. Барлық әскери қызметшілерді, отан қорғаушыларды және Отан соғысы ардагерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтаймын! Ешқашан соғыс болмасын!