Қазiр көрiңiздер
  • 13:30
    "Асыл арман" қазақ телехикаясы каз

Статья

17/04/14

Журналистер бірліктің жаршысына айналуы тиіс

Жуырда «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Нұр-Медиа» холдингі құрамындағы басылымдар мен электронды ақпарат құралдарының бас редакторларымен кездесуінде осыны қадап айтты.

Бүгінгі журналистер ізгілік пен бірліктің жаршысына айналуы тиіс. Жуырда «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Нұр-Медиа» холдингі құрамындағы басылымдар мен электронды ақпарат құралдарының бас редакторларымен кездесуінде осыны қадап айтты. Жиын барысында тілші қауымды мазалап жүрген бірқатар мәселелер төңірегінде келелі әңгімелер айтылды.

Биыл холдингте жақсы жаңалық­тар өте көп. Холдингтің құрамындағы төрт БАҚ өзінің мерейтойын атап өтпекші. Атап айтар болсақ, биыл «Түркістан» газетіне – 20 жыл. Сонымен бірге, «NS» радиосының құрылғанына – 20 жыл, «Айқын» және «Литер» газеттеріне 10 жыл толды. Айтулы мерекемен редакция ұжымдарын құттықтаған Бауыржан Байбек: «Холдингтің ақпарат құралдары Елбасы – партия Көшбасшысының тапсырмаларын халыққа түсіндіріп, партия жұмысы мен саяси Доктринаның басым бағыттарын жеткізе отырып, сол арқылы еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде ерекше рөл атқарып келеді», – деді.

Кездесу аясында «Нұр-Медиа» бас директоры Болат Берсебаев холдингтің ағымдағы және активтерінің жағдайы, оның дамыту жайы туралы сөз етті. Сонымен бірге, БАҚ басшылары да келешек жоспарларымен бөлісті. Жиында ақпарат саласы да сөз болды. Басшылық тарапынан айтылған мәселенің бірі – келешекте «Нұр-Медиа» холдингіне қарасты бұқаралық ақпарат құралдары ұшқыр да, анық дерек көзі болуы тиіс.

Партия төрағасының бірінші орын­басары Бауыржан Байбек бүгінде ғаламтордың маңызының зор екендігіне тоқтала келіп: «Нұр Отан» партиясы электронды партия жобасын іске асырды. Ғаламтор арқылы халық өзінің пікірлерімен, өз ойларымен бөлісе алады. Интернет барлық жерде қолжетімді. Сол арқылы кез келген адамға да біздің партия қолжетімді. Бұл біз үшін өте маңызды», – деді. Сонымен бірге, Бауыржан Байбек холдинг төрағасына холдингтің қаржылық тұрақтылығын және активтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, партиялық контенттің маңызын жоғарылату жөнінде жұмыстарды жалғастырып, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде, жалпы Ғаламторда «Нұр-Медиаға» қарасты БАҚ-тан көрінуін кеңінен тапсырды.

«Нұр-Медиа» активтерінің радио, телеарналар, баспа БАҚ, интернет секілді медианарықтың барлық сегменттерінде орны бар. Атап айтар болсақ, партиялық холдингтің құрамына «Астана» телеарнасы, NS, Orda FM радиолары, Remarka.kz, Munara.kz, Aynaline.kz сайттары, «Литер», «Айқын», «Түркістан» газеттері енеді. Холдингтің бұқаралық ақпарат құралдары өзіндік эксклюзивтік контентімен және кең аудиториясымен ерекшеленеді.

Кездесу барысында айтылған жайттың бірі – бүгінгі күнде холдинг медиалық активтерінің жұмысын қайта жаңғыртуда. Қаржылай шығындарды азайту мақсатында «Литер» және «Айқын» газеттері бір-біріне тәуелсіз редакцияларын сақтай отырып, бір серіктестікке біріктірілуде. 2014 жылдың 10 сәуірінен бастап, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ара» сатиралық журналы «Айқын» газетіне қосымша ретінде жарыққа шыға бастады. Сонымен бірге, Munara.kz сайты «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында белгіленген қазақстандық құндылықтарды ілгерілетуге екпін қоя отырып, өз контентін дамытатын болады.

turkystan.kz