Қазiр көрiңiздер
  • 18:00
    "Жетім жүрек" үнді телехикаясы каз

Статья

10/09/14

«Қыз ғұмырының» қызығы қандай?

Бүгінде үнді фильмдер көрерменнің көзайымы болып отырғаны жасырын емес. Көк қобдишадан көз алмайтын ағайын Ичаның тағдырына құдды бір туғаны сынды алаңдап, қуанышы мен қайғысын «бірге бөлісіп» отырғаны айдан анық нәрсе.

Бәз біреулер «шынайы өмірден алынған оқиғалар екен» деп мақтап, сеніп жататын жайттар да кездеседі. «Astana TV» телеарнасынан беріліп жүрген фильмнің рейтингін бағам­дасақ, «Қыз ғұмыры» телесериалы қазақстандықтар ең көп тамаша­лайтын телетуындының бірі екеніне көз жеткізуге болады. Арна өз кө­рермендерін қуантуды жоспарлап отыр.

«Қыз ғұмыры» телехикая­сының шым-шытырық оқиғаларға толы бөлімдері 15-қыркүйектен бастап күн сайын сағат 18.30-да көпшілік назарына ұсынылады. Көрермендер сұрауы бойынша сенбі, жексенбі күндері де телехи­каяның су жаңа сериялары көр­сетіледі. Алдағы уақытта көрермен «Вирдің өміріне кім қастандық жасайды?», «Ича не үшін түрмеге отырады?», «Түрмеде туған сәбидің тағдыры не болмақ?» деген сұрақ­тарына жауап таба алады. 




aikyn.kz