Қазiр көрiңiздер
  • 06:00
    "Әзілстан" жасырын камера каз

Статья

12/09/14

«Кеш емес» бағдарламасындағы дау

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі «Халал» өнімдерінің құрамындағы тіннің түрін сәйкестендіруді анықтау үшін шұжық өнімдеріне зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, шұжық өнімдерінің құрамында шошқа еті анықталғанын хабарлаған еді.

Естеріңізге салсақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі «Халал» өнімдерінің құрамындағы тіннің түрін сәйкестендіруді анықтау үшін шұжық өнімдеріне зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, зерттеу қорытындылары бойынша, шұжық өнімдерінің құрамында шошқа еті анықталғанын хабарлаған еді.

Тақырып төңірегіндегі дау әлі де жал­ғасуда. Бұл жолы «Қазақстан ха­лал индустриясы» Халал стандарттау ко­митеті төрағасы Марат Сәрсенбаев пен Дін істері агенттігі, СЭС маман­да­­ры өзара дауласуда. Сәрсенбаев мыр­за мұны «жалған ақпарат» екенін айтып, сендіруде. «Астана» арна­сын­да­ғы «Кеш емес» бағдарламасына кел­­ген ол шұжықтан шошқа етін анық­таған мамандарда арнайы құ­рыл­ғылардың бар екеніне күмәнмен қа­райтынын жеткізді. Бағдарлама ба­рысында тараптар шекісіп қалды, тіпті «Халал» сертификаты оңды-сол­ды беріліп жатыр деген пікірлер ай­тылды. «Халал» деген тек қорап­та­ғы жазу ма?», «Халал комитетінің та­ғар айыбы қандай?» деген тақы­рып­тарды Қалқаман Сариннің «Кеш емес» бағдарламасы талқыға салды. Шуға толы шығарылымды 15 қыр­күйек күні көре аласыздар. «Кеш емес» бағдарламасы енді дүйсенбі күн­дері сағат 22:00-де көрсетіледі.

aikyn.kz