Қазiр көрiңiздер
  • 18:00
    "Жетім жүрек" үнді телехикаясы каз

Статья

25/09/14

Көрермендерден - «көрімдік»

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің үйлену тойынан эксклюзивті кадрлар тұңғыш рет көрерменге көрсетілді.

«Астана ТВ» арнасынан беріліп жүрген «Той жыры» бағдарламасының кезекті шығарылымында Сәпиевтердің отбасы мүшелері мен үйлену тойынан эксклюзивті кадрларды тамашалай алады. «Той жыры» жобасы жексенбі, 28 қыркүйек күні, сағат 20:05-те эфирге шығады. Аталған бағдарлама көрермендер сұранысына ие, рейтингі жоғары жобалардың біріне айналды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейінгі шығарылымда Ақжол Мейірбеков, Нұртай Сәбильянов, Ескендір Хасанғалиев, Ерлан Көкеев, Қыдырәлі мен Қарақат сынды танымал тұлғалардың алғашқы кездесулері мен албырт сезімдерінен сыр шертетін құпияға толы романтикалық сәттері айтылған болатын.

aikyn.kz