Қазiр көрiңiздер
  • 21:00
    "Ұрланған тағдыр" түрік телехикаясы каз

Статья

16/10/14

Көрерменді жылатты

Құрметті редакция, кеше ғана эфирге шыққан «Кеш емес» бағдарламасын көріп, сіздерге хат жолдап отырмын. Көк сандықты ақтарып отырып, «Астана ТВ» телеарнасынан басына орамал тартқан әйелдің ызаға булыққан ащы дауысын естіп, осы арнаға тоқтадық.

Сөзін тыңдасақ, ол өзінің 20 жыл бұрын жоғалтып алған қызын қайта тауыпты. Қиын тағдыр, қилы оқиға. Бағдарламаны соңына дейін жылап отырып көрдік. Жүректі ауыртатын жағдай екен. Жиырма жыл бойы сал ауырына шалдыққан, мүмкіндігі шектеулі баланы бағып-қаққан анаға ризашылығымды білдірсем деймін. Туған қызын тапса да, мүмкіндігі шектеулі өзгенің қызынан бас тартпай, екеуін егіздей бағып отыр. Алла олардың басына мұндай қиындықты екінші қайтара салмаса екен. Ал «Кеш емес» бағдарламасына алғысым шексіз. Батыр деуге тұрарлық ананың жағдайын көпшiлікке жеткізіп, үлгі қылғаны үшін.

Айгүл Мақаш, ОҚО облысы:

- Көрермен айтып отырған «Кеш емес» бағдарламасында көтерілген оқиғаның мән-жайына тоқталсақ. Бағдарламаға келген ана - Астана қаласының тұрғыны Жанат Ахметова. Қостанай облысы Жангелді ауданындағы перзентханада босанған кезде, дәрігерлер сәбиін сол күні босанған татар әйелдің қызымен ауыстырып жіберсе керек. Жиырма жыл бойы қазақ отбасында татар қыз, ал өзге ұлт табалдырығында Роза есімді қазақ қызы бойжетеді. Кейіпкер ДНК сараптамасын жасатып, басқа жанұяда бойжеткен Розаның өз қызы екенін анықтап, жиырма жыл бойы баққан Гүлнәфистің татар отбасына тиесілі екенін дәлелдеген. Бірақ Гүлнәфистің туған анасы өмірден өтіп кеткен соң, оны да өзімен бірге алып қалып, қазір қос қызды егіздей тәрбиелеп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана ТВ» арнасындағы «Кеш емес» бағдарламасы дүйсенбі күндері, сағат 22:00-де эфирге шығады.

aikyn.kz