Қазiр көрiңiздер
  • 13:20
    "Асыл арман" қазақ телехикаясы каз

Статья

17/06/16

«Нұр Отан» партиясы: Қоғамдық пікір – өмір өзегі

17.06.2016 Айқын-ақпарат159 «Нұр Отан» партиясы: Қоғамдық пікір – өмір өзегі «Astana tv» өзгелерге өнеге болуы керек

«Нұр Отан» партиясы: Қоғамдық пікір – өмір өзегі

17.06.2016 Айқын-ақпарат159 «Нұр Отан» партиясы: Қоғамдық пікір – өмір өзегі «Astana tv» өзгелерге өнеге болуы керек

Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед елордада  Жанай Омаров басшылық жасайтын «Нұр-Медиа» холдингіне қарасты «Астана»  телеарнасының тіршілігімен танысып, шығар­машылық ұжыммен кездесті. Басқосу барысында  ақпараттық саясаттың бүгінгі бағыт-бағдары туралы әңгімеледі.

–  Ашылғанына көп уақыт өте қой­маса да «Астана» телеканалы қазақ­стандық­тардың керемет көзайымына айналды, – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед. – Бұған Сіздердің жоғары рейтингтеріңіз тамаша дәлел бола алады. Бірақ тоқмейілсуге әлі ерте деп білемін. Сіздер Елбасымыз, Партия Төрағасының әрбір бастамасын, оның ішінде ел дамуының 2050 жыл­ға дейінгі даму стратегиясы мен 5 институттық реформаны халыққа түсін­діру ісінде өз әріптестеріңізге үлгі-өнеге болуларыңыз керек.

Ал өз кезегінде мекеме жұмысымен таныс­тырған телеарнаның Бас дирек­торы Ләззат Танысбай шығармашылық және техникалық мүмкіндіктерін баянда­ды. «TNS Central Asia» агент­тігінің зерттеу нә­ти­жесі бойынша «Ас­тананы» тама­шалай­­тындардың  96 пайызы – қазақтілді аудитория. Жалпы көрермендер саны 2012-2015 жылдар аралығында 219 пайызға өскен. 20-дан астам бағдарламалардың ара­­­сында әсіресе әлеуметтік, қоғамдық және жастар тақырыптарын қамтыйтын жоба­­­лардың рейтингісі жоғары екен. «Нұр Отанның»  күнделікті тыныс тір­шілігін көр­сететін хабарда да бас партияның негізгі іс-шаралары кеңінен қамтылуда. «Біздің уақыт, «Дүние жарық», «Сырты бүтін...», «Сырласу» бағдарламалары көпшіліктің күтіп қарайтын көзайым дүниелеріне айналуына, кәсіби біліктілігі жоғары әріптестердің қосқан үлесі зор.

–  Өткен жылы мемлекеттік тапсы­рыс аясында отандық жекеменшік телеар­наларға әртүрлі жанрды қамтыйтын көпсериялы фильмдер түсіру ұсынылды. Соның екеуін алған «Астана» телеарнасы «Жібек» және «Әулет» атты көпсериялы кино түсіріп, көрсетті. Рейтингтік көр­­сеткіштер бойынша, отандық телехи­каялардың ортасында біз түсірген дүниелерді үздік деп тапты. Негізінен жастардан құралған ұжымымыздағы шығармашылық даму да жақсы деңгейде. Қызықты бағдарламалар мен маңызды жаңалықтар көрерменнің қатарын күн санап көбейтіп келеді,– деді Бас директор ЛәззатТанысбай.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед кездесу барысында партия­лық шараларды түсіріп, көрсету кезінде қа­рапайым халықтың көзқарасы мен қол­дауын назарға алу керектігін еске салды. Өйткені саяси ұйым елмен етене ара­ласқанда ғана жобасы жан­дана түсіп, халықтың ықыласына бөленетіндігі анық. 

Қостанай облысындағы жемқорлық пен күрес мәселесі елордада талқыланды

Астанада «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Жанат Жарасовтың төрағалық етуімен өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған партиялық бағдарламасының Қостанай облысында орындалу барысы талқыланды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен өтініштерді қараудың қорытындылары, әлеуметтік және сараптамалық зерттеулер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселені зерттеу мақсатында Кеңес ішінен Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының жауапты қыз­меткерлері, мүдделі мемлекеттік орган­дардың өкілдерінен құралған Сараптама тобы Қостанай өңіріне барған болатын.

Арнайы топ аймақтағы сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жай-күйін зерт­теп, мәслихаттардағы фракциялар­дың мүшелерімен, құқық қорғау орган­дарының басшыларымен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, кәсіп­керлермен, жастар ұйымдарымен, БАҚ, аймақ тұрғындарымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Сонымен қатар, Кеңес мүшелері инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша проблемалық нысандарды аралап, бейнетаспаға түсірді, сондай-ақ партия қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Өйткені жемқорлық деректері нақ осы бағдарламаларды орындау аясында жиі кездесіп отыр.

Отырыс барысында аймақтағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар туралы «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов баяндама жасады.

Сондай-ақ, аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барысы туралы Сараптама тобының жетекшісі, Кеңес төрағасының Бірінші орынбасары Оралбай Әбдікәрімов сөз сөйледі.

Келтірілген деректерге қарағанда, Қостанай облысында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында сыбайлас жемқорлық қылмысы 54%-ға азайған. Сондай-ақ, 2016 жылдың 1-ші тоқсанындағы мәлімет бойынша, өңірде сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәртіптік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар болған жоқ.

Талқылау барысында, оң пікірлермен қатар облыстық партия ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі заман талаптарына сай келмей отырғандығы айтылды.

Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченконың айтуынша, әсіресе мемелекеттік сатып алу мен жер салаларында заң талаптары бұзылған. Облыста соңғы жылдары 16 мың гектар жер заңды бұза отырып, әлдекімдерге сатылған.

Сонымен қатар, Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев та Денсаулықты сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі тапсырысымен жүргізілген сауалнама қортындысына сүйеніп, тың деректерді келтірді. Сұрақтарға жуап берген тұрғындардың 60 пайызы облыстағы жемқорлық көріністері жоғары деп пікір білдірген. Жалпы өңірде заңсыздықтың белең алуына жауапты қызметтерге лайықсыз кадрлардың таңдалуы да себеп болып отыр.

Отырысты қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Жанат Жарасов талқыланған тақырып бойынша қаулы қабылданып, облыстық партия ұйымына, облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар берілетіндігін жеткізді.

Бейсенбай ДӘУЛЕТҰЛЫ

Жер мәселесі: сұрақ-жауап

Меңлібек Ерболат, Шымкент.

Сұрақ: Қазақстанға ауыл шаруашылығы үшін шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі неде? Біз өз жерімізді өзіміз игере алмаймыз ба?

Жауап: Сұрағыңызға үлкен рақмет! Отандық ауыл шаруашылығымыз белсенді дамуда десек те, біздің елімізде әлі де болса игерілмеген үлкен әлеуеттер бар. Мысалы, Қазақстанда 147 млн га жайылым бар және сиыр етін тұтынушы екі ірі елмен шекаралас. Бұл 2014 жылы 4 млрд АҚШ долларына сиыр етін сатып алған Ресей мен Қытай. Осындай әлеуетті тұтынушыларға біз бар мүмкіндіктерімізді пайдалана алмай отырмыз.

Бұған себеп неде? Басты себеп – жоғары өндірістік қаржы шығындармен, өтімділігінің үлкен мерзіммен байланысты ауыл шаруашылықтағы инвестицияның жетіспеушілігі, ауылда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жоқтығы, осы салаға сәйкес мамандардың кетуі. Өз кезегінде инвестицияның жетіспеушілігі саланың төмен техникалық жабдықталуы, қаржыландырудың төмендігіне байланысты көптеген шаруалар тыңайтқыштарды қолданбағандықтан, жердің құнарлы қыртысының бұзылу қаупі пайда болуы мүмкін.

Сонымен бірге, қазақтар тарихтан белгілі білікті малшылар болған және фермерлер бүгінде бұл саланың бұрынғы әлеуетін қалпына келтіруде. Бұған инвестицияны тарту осы бағытты қарқынды дамытуға алып келер еді.

Ислам Есжан, Алматы облысы.

Сұрақ: Заңнамалық нормаларды ендіру кезінде қазақстандықтар бұрын жалға алған жерлерінен айырылып қалмайды ма?

Жауап: Қабылдаған заңнамада бұрын жерді жалға алып пайдаланушылардың құқығы бұзылмайды. Жалға алған жерлерін дәл қазір сатып ал деп ешкім күштемейді. Жалға алу мерзімінің аяқталуына дейін еркін пайдалана алады.  Сонымен бірге, жер пайдаланушының бұрын жалға алған жер телімін жеке меншігіне 50% жеңілдікпен сатып алу құқығын береді. Бұдан басқа, аталған соманы 10 жылға ұзартылған мерзіммен рәсімдеуге болады.

Молдабеков Жандос, Қостанай облысы.

Сұрақ: Еліміздегі шетелдіктердің жұмыс күшінің үлес салмағын кім бақылайды? Бірлескен кәсіпорындарды құруда шетелдіктер барлық жұмыс орнын иемденіп алады деген қауіп жоқ емес.

Жауап: Жыл сайын біздің республикамызға орта есеппен түрлі мақсатта бір миллионнан артық шетелдік азаматтар келеді (тіркеледі). Бұлар туристер, іссапармен келушілер, студенттер, жұмысшылар және т.б. Олардың басы бөлігі (80-90%) – ТМД елдерінің азаматтары.

Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың қыз­ме­ті квота арқылы реттеледі, яғни үкімет қаулы­сымен біздің елімізге табыс табу үшін келген шетел­діктердің ең жоғарғы саны белгіленеді. Бұл квота экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-нан асып кетпейді. Мысалы, 2016 жылы квота 63 мың адамды қамтиды. Өткен жылы да квота мөлшері жоғарыдағы көрсеткішпен шамалас болды, 2015 жылы 32 мың адамға елге кіруге рұқсат берілді. Соны­мен, квотаның 50% игерілді.

Осыған байланысты, квота отандық еңбек нары­ғында көрініс тауып отырған тапшылықты жоюға, еңбек нарығына білікті жұмысшыларды тартуды көздейді. Олардың тек 2054 адамы ауылшаруашылық жұмыстары үшін келді.

http://aikyn.kz/ru/articles/show/25358-_n_r_otan_partiyasy_o_amdy_p_k_r_m_r_zeg_