Қазiр көрiңiздер
  • 20:30
    Новости "20:30" рус

Статья

31/08/16

Жаңа маусымға жаңа жобалармен!

«Астана» телеарнасы биылғы жаңа маусымда өз телеөнімдеріне басымдық береді.

«Астана» телеарнасы биылғы жаңа маусымда өз телеөнімдеріне басымдық береді. Өзіміз шығаратын бағдарламаларды көрсету арқылы көрерменнің көңіл төрінен орын алуды көздеп отырмыз. Күзгі маусымда арнамызда бірнеше жаңа жобалар эфирге шығады. «Қош келдіңіз» - бұл ауылдағы қызықтарды әзілмен жеткізетін көңілді, әрі ең ауқымды жоба. Ал «Біздің ауыл» - нағыз қазақ ауылының бейнесін көрсетеді. Бағдарламада ешқандай әзіл жоқ, бәрі шынайы. Тележүргізуші Әйгерім Сейфолла еліміздің әр өңіріндегі елдімекендерді аралап, ағайынның тіршілігіне араласып, оны экран арқылы көрсетеді. Жаңа маусымда жастарды да ұмыт қалдырмадық. «Ой мен ойын» деп аталатын шоу бағдарлама қазақстандық телевизия саласында бұрын-соңды болмаған бірегей формат. Жоба әр кеш сайын көтеріңкі көңіл күй сыйларына сенеміз. Жастар күтіп көретін «Ел аузында» бағдарламасы да күзгі жаңа маусымға жаңа көзқарас, жаңа ерекшеліктерімен дайындалды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жобамыздың да орны мен маңызы ерекше болары сөзсіз. Танымал актер Нұрлан Әлімжанмен бірге 25 жылда жеткен жетістіктерді көру үшін еліміздің әр өңіріне саяхат жасайсыз. Ал телехикая десе ішкен асын жерге қоятын жандар енді өзіміздің су жаңа төл туындыларды тамашалай алады. Биылғы маусымда арнамыз жаңа көп сериялы телехикая түсіріп, көрерменге ұсынбақ. Сондай-ақ шетелдік сериалдарды сүйіп көретіндерге басты жаңалығымыз бар. Қыркүйек айында «Ұрланған тағдыр» телехикаясының жаңа маусымы басталады. Жаңа маусымда бізбен бірге болыңыздар!