Қазiр көрiңiздер
  • 20:30
    Новости "20:30" рус

Статья

16/09/16

Бай-қуатты болам десеңіз...

Жақында «Астана» телеарнасында қазақ және орыс тілінде апта сайын эфирге шығатын «Теңгемания» деген бағдарлама көрермендерге ұсынылмақ.

Жақында «Астана» телеарнасында қазақ және орыс тілінде апта сайын эфирге шығатын «Теңгемания» деген бағдарлама көрермендерге ұсынылмақ. Бұл – қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған жаңа жоба.

Жаңа бағдарламада ақшаны қалай табу, үнемдеу және тиімді жұмсау жайында айтылып, әлемдік сарапшылардың пайдалы ақыл-кеңестері беріледі. Сонымен қатар ұлттық валютамыз теңгеге, жалпы әлемдік қаржы айналымдарына қатысты соңғы жаңалықтарды алдағы уақытта осы бағдарламадан білетін боламыз. «Теңгемания» бағдарламасының қазақша нұсқасын – Бауыржан Орда, ал орыс тілінде Марат Оспанов жүргізетін болады.

– Ақшалы болу үшін, оны жай ғана жақсы көру жеткіліксіз, – дейді Марат Оспанов. – Бағдарла­маның басты мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын жақсарту. Жылжымайтын мүлікті немесе тұрмыстық техниканы несиеге алу, депозит ашудың барлығы ақшаға байланысты болған­дықтан оған қатысты жағдайлардың бәрі осы бағдарламада айтылады. Тіпті құжаттарды рәсімдеу жайы да қалыс қалмайды.

«Теңгемания» бағдарламасы үлкен-кішісі бар барлық көрермендерге арналған. Онда жүргізуші сарапшылардың пікірлерін үнемі беріп отырады, сондай-ақ қазіргі кезде жиілеп кеткен алаяқтық әре­кеттерден қалай сақтану туралы да айтылады. Көрер­мендерге қызықты болу үшін бағдарлама барысында әртүрлі ойындар ұйымдастырылады. Түсірілім алаңына келген әрбір адам бұл ойындарға қатыса алады. Мысалы, жүргізушінің қойған кез келген сауалына мүдірмей жауап берген адам 10 мың теңгенің ұтысына ие болады. Ал жүлдегерлерді «Астана» телеарнасы арқылы бүкіл ел танитын болады, – дейді ұйымдастырушылар.

«Теңгемания» бағдарламасы бірінші рет 17 қыр­күйек күні сағат 10:00-де орыс тілінде және қа­зақ тілінде 18 қыркүйек күні сағат 10:00-де эфирге шы­ғады. 



http://aikyn.kz/ru/articles/show/28673-bai-_uatty_bolam_dese_z_