Қазiр көрiңiздер
  • 13:30
    "Асыл арман" қазақ телехикаясы каз

Статья

20/03/17

Талғат Теменов "Тоқал" фильмінің режиссерін "топас" деп атады

Бұл туралы ол "Астана" арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтты деп жазады oinet.kz басылымы.

Бұл туралы ол "Астана" арнасының«Сырласу» бағдарламасында айтты деп жазады oinet.kz басылымы.

Жүргізуші Әйгерім Сейфолланың «өзі журналист, өзі әнші, өзі актер, өзі продюсер, өзі актер» болып жүрген әмбебап мамандар туралы сұрағына жауап бере келіп, Теменов «Тоқал» фильмін мысалға келтірген.

"Қолынан келіп тұрса, талантын танытса «жолың болсын» дейміз. Жалпы актер мамандығы бағынышты мамандық. Өйткені актер тек орындаушы. Оның сценарийін басқа адам жазады, режиссер қояды. Жақында «Тоқал» деген фильмді көрдім. Гауһарды танимын. Өзі продюсер, өзі режиссер, өзі киноға түскен. Сол кинодан қарным ашып шықты. Әр нәрсенің басын бір шалған. Ең жаманы қазақтың, ұлттың намысына тиетін дүниелер бар. Бұл режиссердің көргенсіздігі.

Режиссерде Құдай берген талант болу керек. Режиссер болып қалыптаспайды, режиссер болып туады. Ақын болу үшін де солай. Осы тұрғыдан келгенде режиссер топастау болғаннан кейін актерлік ойын да топастау, сценарийі де топастау.

Шалажансар дүниеден бүтін дүние шықпайды. Есектен есек туады. Есектен тұлпар тумайды. Сондықтан өзі продюсер, өзі режиссер, өзі актер болғандардың мұндай ісін құптамаймын», - дейді кинорежиссер.

Сондай-ақ отандық телеарналардағы әзіл-сықақ бағдарламаларын сынға алды.

«Ит жоқ жерде шошқа үреді. Теледидарлардағы әзіл-сықақ бағдарламаларын көрмеймін. Көрсем қан қысымым көтеріледі. Әжуалайтындары ауылдағы аналарымыз, әкелеріміз бен келіндеріміз. Түгел келеңсіз етіп көрсетеді. Экран – идеология.

Экранда сынау бар да, мінеу бар, күлу бар да, келемеж ету бар. Бүгінгілер міне осыны ажырата алмайды. Сондықтан да қазір теледидарда бір-біріне тауықтың жұмыртқасындай ұқсас, ойы да, өресі де ұқсас, тіпті топастау бағдарламалар көп», - деді ол.

https://www.nur.kz/1457609-talghat-temenov-toqal-filmininh-rezhis.html