Қазiр көрiңiздер
  • 13:30
    "Асыл арман" қазақ телехикаясы каз

Статья

29/03/17

Танымал блогер Тоқтар Серіковтің ақылы таяз екенін айтты

Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі жазбасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал блогер шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздарын жезөкшеге теңеген Тоқтар Серіковті "арзан популист" деп атады. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі жазбасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

 Өз жазбасында ол қазақтілді және орыстілді блогосфераның проблемасына тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік желідегі қазақтілді ортаның талқылап жатқан мәселесін түсініп, оған үн қосу үшін қазақ тілін оқыған жөн.

"Мен қазақ тілін үйренуге кеңес беремін. Мәселен, дәлелдер мен дәйектерді келтіре отырып, әнші Тоқтар Серіковке таза қазақ тілінде жауап беру үшін; ақылы таяздау екенін айтып, көпшіліктің көңілінен шығу мақсатында ел алдында мұндай мәлімдемелер жасау - арзан популист болудың белгісі екенін жеткізу үшін", - деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, «Астана» арнаның "Сырласу" бағдарламасына қонақ болған Тоқтар Серіков:

"Қытайға тиетін кімдер? Жезөкше қыздар тиюі мүмкін. Ар-намысы жоқ, тегі жоқ, қаны жоқ, қазаққа түрі ғана ұқсайтын біреулер тиюі мүмкін. Олар тисе, тие берсін қайғырмаймын", - деп айтқан болатын.

Әншінің бұл сөзіне қытайлыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы жауап беріп, наразылығын білдірген еді. Ол өзін жезөкше емес екенін және бұл оның тағдыры екенін алға тартты.

https://www.nur.kz/1447566-tanymal-bloger-toqtar-serikovti-arza.html