Қазiр көрiңiздер
  • 07:22
    "Қайырлы таң" ақпараттық-танымдық бағдарламасы каз

Статья

13/04/17

Атышулы шымкенттік келін "Күлпәш" Анандиге өзінің құпиясын айтты

Ол үнді жұлдызымен арнайы кездесіп, бірге түсірілімге де түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Атышулы шымкенттік келін "Күлпаш" Анандиге құпиясымен бөлісті. Ол үнді жұлдызымен арнайы кездесіп, бірге түсірілімге де түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Жердің тоңын жібітіп, көбесін сөгілтіп жеткен Көктеммен бірге «Астана» телеарнасы көрермендеріне тамаша көңіл-күй сыйламақшы. Бұған дейін «Шымкент шоу» театры арқылы әзілсүйер қауымға танылған Күлпәштың әдемі әзілдері мен шым-шытырық хикаяларын ұсынбақ.

Жоқтан барды құрайтын, ененің қадірін білетін, абысынмен тату, үйдің тірлігін ұршықтай үйіретін Күлпәштың хикаялары жаңа жобада көрсетілетін болады.

Ауылдың өмірімен біте қайнасып кеткен Күлпаштың өмірі әзіл-қалжыңға толы. Ол көрермендерді күлкіге қарық қылатын оқиғалардың үнемі ортасында жүреді. Аңқаулығының арқасында түрлі тосын жағдайларға тап болғанымен адалдығының арқасында абыройын сақтап қалады.

Қысқасы, Күлпәштің мың күнге татитын әр күніне осы жоба арқылы куә боласыздар.

Айтпақшы, «Келіннің соңы» телехикаясында Ананди образымен жақсы таныс Авика Гор да осы жобаның түсіріліміне қатысып, Күлпашпен келін болудың сырымен бөліседі.

https://www.nur.kz/kk/1465709-atyshuly-shymkenttik-kelin-kulpash-anan.html