Қазiр көрiңiздер
  • 08:00
    Мультфильм "Маша и Медведь" рус

Статья

21/04/17

Күлпаштың оралуы

Жердің тоңын жібітіп, көбесін сөгілтіп жеткен көктеммен бірге «Астана» телеарнасы көрермендеріне тамаша көңіл күй сыйламақ

Жердің тоңын жібітіп, көбесін сөгілтіп жеткен көктеммен бірге «Астана» телеарнасы көрермендеріне тамаша көңіл күй сыйламақ. Бұған дейін «Шымкент шоу» театры арқылы әзілсүйер қауымға танылған Күлпаштың әдемі әзілдері мен шым-шытырық хикаяларына куә бола аласыздар.

Ол үшін театрға барудың қажеті жоқ, театр сіздің үйіңізге келеді. Мұндай мүмкіндікті сіз­дерге «Астана» арнасы ұсынады. Жоқтан барды құрайтын, ененің қадірін білетін, абысынмен тату, үйдің тірлігін ұршықтай үйіретін Күлпаштың сіз білмейтін жаңа хикаяларын жаңа жобадан тамашалай аласыздар.

Ауылдың өмірімен біте қай­насып кеткен Күлпаштың өмірі әзіл-қалжыңға толы. Ол көрер­мендерді күлкіге қарық қылатын оқиғалардың үнемі ортасында жүреді. Аңқаулығының арқа­сын­да түрлі тосын жағдайларға тап болғанымен, адалдығының арқасында абыройын сақтап қалады. Қысқасы, Күлпаштың мың күнге татитын әр күніне осы жоба арқылы куә бола­сыздар.

Айтпақшы, «Келін» телехи­каясында Ананди обра­зымен жақсы таныс Авика Гор да осы жобаның түсіріліміне қа­тысып, Күлпашпен келін бо­лудың сырымен бөліседі.

Әнел ҚУАНЫШҚЫЗЫ

https://aikyn.kz/2017/04/21/11047.html