Қазiр көрiңiздер
  • 16:05
    Сериал "Райское место" (Украина, 2017 г.) рус

Статья

16/11/17

Жамбыл облысында сәбиін дәретханаға лақтырған әйелдің оқиғасы телехикаяға арқау болды.

"Астана" телеарнасы соңғы кезде елімізде жиілеп кеткен тастанды сәбилер, бауыр еті баласынан бас тарту секілді атышулы оқиғаларды кинотуындыға бейімдеп "Асыл арман" атты жаңа телехикая түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мұндай оқиғаларды телехикаяға өзек ету арқылы, көрерменге ой салу және неге қазіргі қоғам қатігез болып кетті деген сұраққа жауап іздеу біздің мақсатымыз болды» - деп түсіндірді «Астана» телеарнасында.

60 бөлімнен тұратын жаңа "Асыл арман" телехикаясы 20 қарашадан бастап, апта бойы сағат 23.00-де "Астана" телеарнасының эфирінен көрсетіледі. Қайталауы сағат 13.30-да.

Телехикаяға Жамбыл облысында сәбиін дәретханаға лақтырған әйел оқиғасы арқау болған.

Бұл сериал арқылы көрермендер бір рет жіберілген қателіктің бүкіл өмірді қалай өзгертетініне куә болады. Мұндай қылмысқа қыздарды итермелейтін не? Сериал осы сынды сауалдарға жауап іздеп, өмірдің құндылығын түсіндіруге тырысады.

Адалдық, сенім, жігерлілік секілді ізгі қасиеттер насихатталады. Бірі атақты, екіншісі ақшаны, тағы бірі махаббатты қалайтын үш қыздың өміртарихы көрсетіледі.

 

https://www.nur.kz/kk/1678868-zhambyl-oblysynda-sabiin-daretkhanagha.html