Қазiр көрiңiздер
  • 21:00
    "Асыл арман" қазақ телехикаясы каз

Статья

17/11/17

АСУЛАРДЫ БАҒЫНДЫРҒАН «АСЫЛ АРМАН»

«Астана» телеарнасы соңғы кезде елімізде жиілеп кеткен тастанды сәбилер, бауыр еті баласынан бас тарту секілді атышулы оқиғалар жайында жаңа сериал түсірді.

«Астана» телеарнасы соңғы кезде елімізде жиілеп кеткен тастанды сәбилер, бауыр еті баласынан бас тарту секілді атышулы оқиғалар жайында жаңа сериал түсірді. Отандық сериалға Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін анасы дәретханаға тастаған оқиға негіз болды. Мұндағы мақсат – неге қоғам қатігез болып барады деген сауалға жауап іздеу, көрерменге ой салу.

60 бөлімнен тұратын жаңа телехикая 20 қарашадан бастап, сағат 23.00-де «Астана» телеарнасының эфирінен көрсетілмек. Кинотуынды бір рет жіберілген қателіктің бүкіл өмірді қалай өзгертетінін, мұндай қылмысқа қыздарды не итермелейтінін анықтап, өмірдің құндылығын түсіндіруге тырысады. Адалдық, сенім, жігерлілік секілді ізгі қасиеттер дәріптеледі. Бірі – атақты, екіншісі – ақша, тағы бірі махаббатты қалайтын үш қыздың өмір жолы баяндалады. Актерлік құрамда Зухра Сайпи, Сұлтан Ахмет, Шерхан Пірназаров сынды жас дарын­дармен қоса, кино, театр саласының майталмандары Гүлжамал Қазақбаева, Ғазиза Әбдінәбиева, Дулыға Ақмолда секілді актерлер бар.

Телетуынды Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен түсірілді. Осы күнге дейін «Астана» телеарнасы мемлекеттік тапсырыс аясында көпсериялы 3 телехикая түсіргенін айта кеткен жөн. Оның бірі – отандық телехикаялар арасында ең жоғары рейтингтік көрсеткішке ие болған «Жібек» телехикаясы.

https://aikyn.kz/2017/11/17/33668.html

Ақбота ИСЛӘМБЕК