Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді

AstanaTV
17.12.2023ж. 11:19
2634
Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ММА спортындағы он сегізінші кәсіпқой жекпе-жегін, ал UFC-дегі алтыншы кездесуінде жеңіске жетті. Спортшы қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ .

Бүгін, 17 желтоқсан Лас-Вегаста UFC 296 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Леон Эдвардс пен Колби Ковингтон жұдырықтасты. Дәл осы салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) америкалық спортшы Стивен Томпсонмен (17-7-1) кездесті. Шавкат UFC промоушеніндегі алтыншы қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді. Спортшы екінші раундта тұншықтыру әдісін жасады. Осылайша қазақстандық кәсіпқой мансабындағы он сегізінші, ал UFC-дегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Рахмонов әлі күнге дейін бірде-бір рет жеңілген жоқ. Стивен Томпсон болса, кәсіпқой ММА мансабында жетінші мәрте есе жіберіп отыр. Шавкат бұл жекпе-жекке дейін жартылай орта салмақ дәрежесінде 5-орындағы файтер болса, Стивен 6-орында тұрған еді.