Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Автокөлік үлкен жылдамдықпен келе жатып Байденнің кортежіне соғылды

AstanaTV
18.12.2023ж. 14:22
748
Автокөлік үлкен жылдамдықпен келе жатып Байденнің кортежіне соғылды

АҚШ-та автокөлік үлкен жылдамдықпен келе жатып президент Джо Байденнің кортежіндегі көліктердің біріне соғылған. Ол кезде Байден әйелімен бірге демократтардың сайлауалды штабы кеңсесінен шығып бара жатқан еді, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

АҚШ президентінің баспасөз пулы ақпараты бойынша, Джо Байден әйелі Джилл Байденмен сайлауалды штабынан шығып бара жатқан кезде белгісіз автокөлік президент кортежінің жол талғамайтын көлігіне соғылған. Аталған жайт Делавэр штатында орналасқан Уилмингтон қаласында болды. Журналистердің ақпараты бойынша, Байденнің кортежіне күміс түсті седан соғылған. Ол алдын ала мәлімет бойынша, сайлауалды штабының кіреберісіне қарама-қарсы қиылыста кортежді жауып келе жатқан көлікке соғылған.

"Қатты соққы естілді, бұл ретте АҚШ президенті көліктің жанында аң-таң болып тұрды", – дейді журналистер.

АҚШ Құпия қызметінің агенттері апатқа кінәлі көлікті тез қоршап алып, кортежге соғылған көлік жүргізушісін ұстады.