Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қостанайда «КІТАП-AMANAT» жобасы жалғасын тапты

22.12.2023ж. 20:00
684
Қостанайда «КІТАП-AMANAT»  жобасы жалғасын тапты

«КІТАП-AMANAT» жобасы Қостанайда жалғасын тапты. Партияның облыстық филиалы жанынан мәдени-ағарту орталығы ашылды. Игі шараға өңірдің зиялы қауымы, ақын-жазушылар қатысты. Ал «AMANAT» партиясы мен баспагерлер және кітап таратушылар қауымдастығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құнды құжат қолжетімді бағалы кітап қорымен қамтамасыз етуге жол ашады. Яғни сөрелерде отандық әдеби туындылармен қатар әлемдік бестселлер де болады. Рухани орталықта оқырман кештері мен жергілікті жазушылардың, авторлардың, баспагерлердің түрлі іс-шаралары ұйымдастырылады.

Әбутәліп ӘМІР, ЖАЗУШЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ «MIRAS» КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:
Қалай біздің оқырмандарымызды кітап оқуға тартамыз?Мұның да толып жатқан әдістері бар.Маркетингтік жолдары бар деген сияқты.Соларды өткізетін болсақ, бір бала оқып мына кітап жақсы екен десе, екінші бала оқиды.Сол сияқты осындағы үрдістерді, кездесу,пікіріталастарды телеарна, газеттен беріп отырса бет бұрыс жасау оңай.