Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда 60 Аяз Атаның қатысуымен жаңа жылдық шеру өтті

26.12.2023ж. 20:00
637
Алматыда 60 Аяз Атаның қатысуымен жаңа жылдық шеру өтті

Алматыда 60 Аяз атаның қатысуымен жаңа жылдық шеру өтті. Ертегі кейіпкерлері мегаполис тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қаланың орталық алаңдарымен жүріп өтті. Ерекше шараны мыңдаған тұрғын тамалады. Бала қиялын көкке шарықтатып, жүрегін қуанышқа бөлейтін кейіпкерлерсіз жаңа жылдық думанды елестету мүмкін емес. Барлығы мерекелік көңіл күйді сезініп, ақжарма тілектерін арнады.

АЯЗ АТА:

Біздің мақсат қалада Жаңа жылға қарсы әр тұрғынға ерекше көңіл-күй сыйлау. Кішкентай бүлдіршіндерге жол жөнекей тәттілерді тарту еттік. Балалардың қуанышты күлкісі сол ең бастысы біз үшін. Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз!

Осынша көп Аяз аталарды бұрын-соңды көрмеген кішкентай қала тұрғындарының жүзіне қуаныш ұялады. Мерекелік шерудің соңғы нүктесі “Астана” алаңы болды. Дәл осы жерде 31 желтоқсанда қаланың басты жаңа жылдық концерті өтеді.