Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жамбыл облысында 710 млн теңге салық төлеуден жалтару фактісі анықталды

AstanaTV
28.12.2023ж. 11:54
593
Жамбыл облысында 710 млн теңге салық төлеуден жалтару фактісі анықталды

Жамбыл облысында бюджетке салық төлеуден жалтару фактілері бойынша екі қылмыстық іс тергелді. Бұл туралы  Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тіркеулері жойылып, сот шешімімен мәмілелер жарамсыз деп танылған сенімсіз өнім берушілермен өзара есеп айырысу нәтижесінде жосықсыз салық төлеушілер екі жағдайда мемлекет бюджетіне 470 млн және 240 млн теңге төлемеген.

Мемлекетке 710 млн теңгеден астам залалды толық өтеу нәтижесінде қылмыстық істер ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

Салық төлеуден жалтару қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады және үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.