Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Парижде ұшақтың шасси бөлігіне тығылып қалған мигрант ауыр халде табылды

AstanaTV
30.12.2023ж. 02:50
910
Парижде ұшақтың шасси бөлігіне тығылып қалған мигрант ауыр халде табылды

Алжирден Парижге ұшатын коммерциялық ұшақтың шасси бөлігінен жасырынып жатқан және ауыр хәлде болған ер адам табылды. Оны ұшақтың техникалық мамандары тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Le Figaro газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жасы 20-да деп болжанған ер адам Алжирдің Оран қаласынан Париждің Орли әуежайына қонғаннан кейін техникалық тексеру кезінде табылды. Оны қатты үсік шалған. Қасында құжаттары болмаған. Заңсыз мигрантты құтқарушылар ауыр халде ауруханаға жеткізген.

Le Figaro баслымының мәліметінше, әуе лайнерлері 10 мың метрден астам биіктікте ұшады, ал сырттағы температура 0 градустан 50 градусқа дейін жетуі мүмкін.