Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Павлодар облысында соқтығысқан екі көліктегі адамдардың барлығы қаза тапты

AstanaTV
30.12.2023ж. 23:27
854
Павлодар облысында соқтығысқан екі көліктегі адамдардың барлығы қаза тапты

Павлодар облысында Тереңкөл ауылынан 25 шақырым қашықтықта екі көлік соқтығысты. Қос көлікте төрт адам болған. Олардың барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 желтоқсанда сағат 17:58-де екі көлік соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына Байқоныс ауылының медициналық бригадасы дабыл белгісінің бірінші санаты бойынша шыққан. Жедел жәрдем оқиға орнына 11 минутта жетті. Жол-көлік апаты салдарынан 35-40 жастағы ер адамдар қайтыс болғаны анықталды", деп жазады Pavlodarnews.kz.