Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Атырауда көкөніс қоймасындағы пияз шіріп жатыр

03.01.2024ж. 20:00
630
Атырауда көкөніс қоймасындағы пияз шіріп жатыр

Атырауда көкөніс қоймасындағы пияз шіріп жатыр. Жаз бойы баптап, күзде жиған өнімнің үштен бір бөлігі жарамсыз боп қалды. Амалы қалмаған шаруа тонна-тонна пиязды қоқыс полигонына тастауға мәжбүр. Аймақтағы стандартқа сай жалғыз қоймада тұрақтандыру қорының көкөністері сақталады. Бұл жағдай енді бағаға әсер етпей ме? Тілшіміз анықтауға тырысты.

Қоқыс полигонында тау боп үйілген пияз - аймақтағы «Агрофиликс» шаруа қожалығына тиесілі. Шіріген пиязды жаңа жыл қарсаңында әкеліп төккен. Қоймада сұрыптау жұмыстары әлі жүріп жатыр. Жарамсызы көп. Тағы 10 техникаға тиелетіні жиналып тұр.

Енисей ЮНЬ, "АГРОФИЛИКС" ШҚ БАСШЫСЫ:

Былтыр 40 гектарға пияз еккенбіз. Ол аз болған слң, биыл екі есе артық егіп, өнімді де екі есе мол алдық. Өнімді жинау кезінде қатты жаңбыр жауған ғді. Енді соның әсері ме, биыл жуа бұзылып жатыр. Бұл жуа пайдалануға жатпайды. Малға беру де зиян. Содықтан қоқысқа тастап жатырмыз.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Біз қазір тұрақтандыру қорының көкөніс сақтау қоймасында тұрмыз. 3 мың тоннаға жуық пияз осындай екі қоймада сақтаулы тұр. Соның пайдаға жарамайтын 35 пайыздайы қоқысқа жөнелтіледі екен.

Биыл аймақта әлеуметтік маңызы бар көкөністердің бағасын тұрақты ұстап тұру үшін 813 млн теңге бөлінген. Оған 5136 тонна картоп, жуа, қырыққабат пен сәбіз сатып алынды. Олар осы қоймада сақтаулы. «Агрофиликс» шаруа қожалығы осы өнімдерді бекітілген арзан бағада сәуір айына дейін сатуы тиіс.

Енисей ЮНЬ, "АГРОФИЛИКС" ШҚ БАСШЫСЫ:

Біз сұрыптаймыз, егер тұрақтандыру қорының пиязы жетпей қалса, өзіміздің қордағы пиязды қосамыз. Картоп, қырыққабат пен сәбіз бойынша мұндай проблема жоқ, бірақ бәрібір ішінәра шіриді. Оны да тазалап барып жібереміз. Тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар товарлары көктемге дейін толықтай жетеді.

Қайсар ҚҰРМАНӘЛИЕВ, «АТЫРАУ» ӘКК» АҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бағаға әсер етпейді ол, бағаны тұрақтандыру үшін бағасы ұсталады бірқалыпты. Бұл жерде шаруа қожалығының өзінің жуасы бар бөлек қоймада. Бөлек қоймада тұрақтандыру қорының жуасы бар жартысы. Тұрақтандыур қорының қоймасына 1513 тонна жеткізілді. Оның ішінде 300 тонна сатылды. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорының қоймасына 1200 тоннадай бар.

Жауаптылар бұл қаладағы 3 базар мен 32 супермаркетте сатылып жатқан тұрақтандыру қоры өнімдерінің бағасына еш әсер етпейтінін айтып отыр. Айта кетейік, арнайы орындарда картоп 120, сәбіз 160, капуста 169, жуа 86 теңгеге саудаланады.