Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Эквадордағы қақтығыс. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар ма?

AstanaTV
10.01.2024ж. 16:04
511
Эквадордағы қақтығыс. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар ма?

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Эквадорда тәртіпсіздік пен адамдарды кепілге алу салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Эквадорда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

7 қаңтарда 34 жылға сотталған Фито деген атпен белгілі Лос-Чонерос қылмыстық тобының жетекшісі түрмеден қашып кеткеннен кейін Эквадорда жағдай күрт нашарлады. Соның салдарынан бірнеше түрмеде тәртіпсіздік болған. Ел билігі төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат орнатты.