Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қостанай шаруалары астықты сатпақ түгілі,әлі элеваторға өткізе алмай отыр

11.01.2024ж. 20:00
377
Қостанай шаруалары астықты сатпақ түгілі,әлі элеваторға өткізе алмай отыр

Бидайдың жыры біткен жоқ. Қостанай облысының шаруалары элеваторлардың астық қабылдамай жатқанын айтады. Өткен жыл өңір диқандары үшін қиын болды. Ауа райының қолайсыздығынан бітік шыққан бидайын дер кезінде ора алмады. Ал ылғалға бөккен астығын элеваторлар қабылдамай жатыр. Өнімнің 80 проценті -4, 5-ші сұрыпты бидай. Оны кептіру керек. Әйтпесе көгеріп, бүліну қаупі басым. Шаруаларда шамамен екі миллион тоннадан астам өнім бар. Қоймасы жоқтардың астығы далада жатыр, дейді диқандар.

Марат АХМЕТОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ:

Әкелген азықты бір элеватор да қабылдамайды. Бәрі лицензия алған. Сол себептен мінекей 94 мың тонна біздің Қостанай өңірінен сатып алу жоспарланды. 96 мың тонна берді. Бірақ бір айдан артық жиналды. Егер элеваторлар дұрыс қабылдап алса, ол одан көп болар еді.