Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Елімай" футбол клубы Ресей Премьер лигасының клубына қарсы матч өткізеді

AstanaTV
12.01.2024ж. 23:12
805
"Елімай" футбол клубы Ресей Премьер лигасының клубына қарсы матч өткізеді

Семейлік "Елімай" мәскеулік "Динамо" командасымен жолдастық матч өткізеді.

Аталмыш кездесу оқу-жаттығу жиындары аясында 11 ақпан күні Түркияның Белек қаласында өтеді. "Елімай" клубының бас бапкері Андрей Карпович пен оның көмекшісі Колодин бұрын "Динамо" сапында өнер көрсеткен. “Елімай” футбол клубы 2022-2023 жылғы маусымда футболдан Қазақстан бірінші лигасының чемпионы атанып, ҚПЛ-ға жолдама алған еді. Семейлік команданы Премьер лигаға шығарған бапкер Самат Смақовтың орнына ұлттық құраманың бұрынғы бапкері Андрей Карпович келді.

Айта кетейік, "Динамо" 2021-2022 жылғы маусымда Ресей кубогының финалына шығып, "Спартак" командасынан 2:1 есебімен жеңілген еді.