Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минутқа тоқтаған адам аман қалды

AstanaTV
16.01.2024ж. 12:32
650
Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минутқа тоқтаған адам аман қалды

Өмір мен өлім арасындағы 5 минут. Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған тұрғын дәрігерлердің көмегімен аман қалды.Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

30 жастағы бойжеткеннің жүрегіне арнайы аппаратпен дер кезінде ота жасалған. Нәтижесінде науқас клиникалық өлімнен оянды. Содан кейін оған 6 күн қатарынан жансақтау бөлімінде көмек көрсетілген. Қазір өміріне қауіп жоқ дейді дәрігерлер.

Мейрамгүл Кенжебаева, қала тұрғыны:

Дәріні ішкен екен. Ол арықтатуға, тәбетті тартуға көмектеседі деп. Жастар ғой, салмақ тастағанды өздеріне дәреже көре ма? Келгеніне бір 8 мин өтпей реанимировать етті баланы. Біздің мамандардың өте жоғары деңгейі дайындығы осы қызымның өмірінің жалғасуына себеп болды деймін.