Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Еңбек озаттарын Наурыз мерекесінде марапаттау қажет", – сенатор

18.01.2024ж. 20:00
661
"Еңбек озаттарын Наурыз мерекесінде марапаттау қажет", – сенатор

Еңбек озаттарын Наурыз мерекесінде марапаттау қажет. Сенатор Әли Бектаев осындай бастама көтерді. Ұлыстың ұлы күнінде тек дастархан жайып, киіз үй тігумен шектелмей идеологиялық мәнін арттыру маңызды дейді. Жалпыұлттық тұжырымдама қабылдап, нағыз рухани мерекеге айналдыруды ұсынды.

Әли БЕКТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Наурыз мерекесінің қарсаңында өткен жылды қорытындылап, еңбек ұжымдары мен еңбек озаттарын марапаттау дәстүрге айналуы тиіс. Тіпті, наурыз айы еңбек адамын дәріптеу айы болғаны дұрыс. Сонымен қатар, мереке қарсаңында тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдауды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесуді жалпы халықтық акцияға айналдыру қажет.