Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылжар өңірінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы қамауға алынды

22.01.2024ж. 20:00
345
Қызылжар өңірінде аудандық білім беру бөлімінің  басшысы қамауға алынды

Қызылжарда Тимиряз аудандық білім беру бөлімінің басшысы қамауға алынды. Ол екі мектепті күрделі жөндеуден өткізген мердігер компаниядан бір миллион теңгеден астам пара алды деп айыпталуда. Жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері бармақ басты көз қысты әрекетті әшкере қылып, қылмыстық іс қозғалған.

Айдос ЖҮНІСОВ, СҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

1.2млн теңге көлемінде пара алған. Орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне кедергісіз қол қою үшін қазіргі таңда Петропавл қаласының тергеу сотының шешімімен аталған күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалған.