Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

АҚШ Қызыл теңізде хуситтер әскери кемеге атқан зымыранды қағып түсірді

AstanaTV
31.01.2024ж. 21:41
1224
АҚШ Қызыл теңізде хуситтер әскери кемеге атқан зымыранды қағып түсірді

Йемендік хусит содырлары Қызыл теңізде АҚШ-тың әскери кемесіне бірнеше зымыран атқылағанын, американдық және британдық кемелерге шабуыл жасауын жалғастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZINFORM.

Иран қолдап жүрген хуситтердің мәлімдемесі АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының АҚШ ӘТК-нің «Грейвли» әскери кемесі Йемен аумағынан атылған кемеге қарсы қанатты зымыранды атып түсіргенін хабарлаған соң бірнеше сағат өткен соң жасалды.

Қолбасшылық мәлімдемесіне сәйкес, шабуыл салдарынан зардап шеккендер жоқ және кемеге зақым келмеген.

Қараша айының ортасынан бері хуситтер Қызыл теңізде 30-дан астам зымырандық және ұшқышсыз ұшақ шабуылдарын жасап, осы маңызды көлік бағыты бойынша коммерциялық тасымалдауға көптеген кедергі туғызды.

Бүгін Ұлыбританияның хуситтермен күресу үшін Қызыл теңізге авиатасымалдағышты жіберуі мүмкін екені белгілі болды.

Еске сала кетсек, қаңтар айында АҚШ пен Ұлыбританияның авиациясы мен әскери кемелері Йемендегі көтерілісші хуситтер тобына соққы бере бастады.