Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«Оқушыларды құртамын!». Қарағандыда террорлық акт туралы хабарлама тарады

12.02.2024ж. 20:00
449
«Оқушыларды құртамын!». Қарағандыда террорлық акт туралы хабарлама тарады

«Оқушыларды құртамын!». Қарағандыда террорлық акт туралы хабарлама тарады. Белгісіз біреу әлеуметтік желі арқылы қаланың 4 мектебінде терракт ұйымдастыратынын жазып жұрттың үрейін ұшырды. Қаскөй қаланың Сұрыптау бекетіндегі 4 мектепті «тазалаймын» деп атап көрсеткен. Түннен бері әлеуметтік желілерде тараған хабарлама ата-аналарды қатты алаңдатты. Аудан тұрғындары балаларын мектепке өздері апарып жүр. Білім мекемелері жұмысын тоқтатқан жоқ. Полиция терроризм актісі туралы хабардың таралуына байланысты полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп- тексеруді бастады. Қазір қала мектептерінде жергілікті бақылау күшейтілді. Айта кетейік мұндай қорқынышты хабар бірнеше апта бұрын өзге облыстар мен бірнеше мемлекетте тараған болатын.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

«Қазіргі таңда құзыретті органдармен бірлесіп осы ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және тыныштықты сақтауын сұраймыз ».

Алтыншаш ҚУАТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

“Ата- аналар қорқып жатырмыз. Балаларды мектепке өзіміз апарып алып келіп жатырмыз. Себебі балаларымыздың өмірі біз үшін өте маңызды. Қауіпсіздігі үшін алаңдаймыз. Өте қорқынышты. Балаларда үрей пайда болды, бұл не нәрсе, не үшін бұлай болып жатыр деп сұрап жатыр. Қауіпті хабар таратқан адамдарды қатаң жауапкершілікке тарту керек деп ойлаймын”.