Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстанға педофилдер, экстремистер мен лаңкестер кірмейді

14.02.2024ж. 20:00
458
Қазақстанға педофилдер, экстремистер мен лаңкестер кірмейді

Елімізге енді педофилдер мен лаңкестер кіргізілмейді. Мәжіліс заң жобасын қабылдап, Сенатқа жіберді. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мәліметіне қарағанда, онда экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салу, сондай-ақ, төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесі ескерілген. Мұндай құжаттар қолдану мерзіміне қарамастан төтенше жағдайларда жарамды деп танылады.

Магеррам МАГГЕРАМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жоғарыда аталған жаңалықтарды іске асыру заңнамада бар олқылықтарды жояды, көші-қонды неғұрлым тиімді бақылауды қамтамасыз етеді және халықты құжаттандыру рәсімдерін жақсартады. Заң жобасын жұмыс тобының отырыстарында қарау барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары бірқатар түзетулер енгізді.