Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Сенатор синтетикалық есірткіге қарсы күресетін мекеме құруды ұсынды

29.02.2024ж. 20:00
260
Сенатор синтетикалық есірткіге қарсы күресетін мекеме құруды ұсынды

Соңғы үш жылда синтетикалық есірткі көлемінің сатылымы 1 тоннаға дейін ұлғайып, мыңнан астам адамға қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы сенатор Геннадий Шиповских депутаттық сауалында айтты. Ол қаскөйлер есірткіні интернет-мессенджерлер арқылы арзан бағамен сатады және жастарды улайды деді. Сондықтан онымен күресетін арнайы мекеме құруды ұсынды.

Геннадий ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Синтетикалық есірткіні сатуға қатысатын сайттардың жарнамалау фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейтіп, жарнамалаушыларды қатаң жазалау қажет. Жастар, әсіресе студенттер арасындағы синтетикалық есірткіні тасымалдаушылардың (закладчик) санының өсуіне байланысты нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді орынды деп санаймыз.