Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртке оранды

AstanaTV
01.03.2024ж. 10:24
452
Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртке оранды

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, "Алматы-Ташкент" автокөлік жолында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 29 жолаушы өз бетінше автобустан шықты.

Өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖД 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.