Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылжарда көлік өртеніп, екі адам зардап шекті

05.03.2024ж. 20:00
285
Қызылжарда көлік өртеніп, екі адам зардап шекті

Қызылжарда көлік өртеніп, екі адам зардап шекті. Оқиға кеше Бескөл ауылының маңайында болды. Ауди жүріп келе жатып өртенген. Жүргізуші мен ішіндегі жолаушы көлікті тоқтатамыз дегенше денелерін күйік шалған. Науқастар бірден дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қазір олардың жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Бұдан бөлек, қалада тағы бір көлік өртенді. Абырой болғанда, бұл жолы ешкім жапа шеккен жоқ. 

Сәбит ЫБЫРАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оқиға орнында төтенше жағдай департаментінің 20 қызметкері жұмыс істеді. Сала мамандары өрт сымдардың тұйықталуынан шыққан деген алдын ала болжам жасап отыр. Бұл темір тұлпарда газ қондырғысы орнатылған. Сондықтан құтқарушылар өте сақ болуды сұрайды.