Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматыда екі автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды

11.03.2024ж. 20:00
296
Алматыда екі автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды

Алматыда тағы да қоғамдық көліктердің қатысуымен жол апаты болды. Бұл жолы екі автобус соқтығысып қалды. Салдарынан 6 адам жарақаттанды. Оқиға Алатау ауданындағы Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, 75-ші бағыттағы автобус ара қашықтықты сақтамай, аялдамада тоқтап тұрған 102-ші бағыттағы автобусқа соғылған. Тұрғындар бұл маңда көліктердің жоғары жылдамдықпен жүйткіп жүретінінен айтып шағымданды. Сондықтан жылдамдықты шектейтін белгілер орнатуды сұрап отыр.

Азиза, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Анау тұр ғой пешеход, сол жерде иногда тоқтамай өтіп кетеді. Мен тоже телефонға түсіріп алуға әрекет қылатынмын. Потому что мына жерде өткенде менің баламды соғып кеткен. Ол кезде мына жер тайғақ болған. Он не успел. Мына жер опасно. Знак, ештеңе жоқ. Былайынан келсе, былайынан келсе де, мына жерде школьниктер тұр. Знак қою керек.

Жол- көлік оқиғасының себеп-салдары мен мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Зардап шеккен бес адам нөмірі 7-ші қалалық клиникалық ауруханасына, ал бір адам Алматы облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 

Рамазан АСКЕРОВ, №7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ КӨПБЕЙІНДІ ЖАРАҚАТ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІС:

Жол-көлік апатынан зардап шеккендер жан-жақты аспаптық зерттеулерден, дәрігерлердің қарап-тексерулерінен өтті. Төрт адам амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілді, бір адам стационарға емдеуге жатқызылды. Пациенттің жағдайы ауыр, тұрақты.