Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Абай облысында мұз жару жұмыстары басталды

AstanaTV
13.03.2024ж. 21:24
2041
Абай облысында мұз жару жұмыстары басталды

Мұз жару жұмыстары барысында 400 келіден астам жарылғыш заттар пайдаланды.

12 наурызда Абай облысының Бородулиха ауданындағы Уба өзенінде мұз кептелістерінің алдын-алу мақсатында "KazExploService" ЖШС ұйымы 6500 шаршы метр аумақта 400 кг-нан астам жарылғыш заттарды пайдалана отырып, жарылыс жұмыстарын жүргізді, - делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Абай облысы ТЖД құтқарушылары, сондай-ақ ЖАО қосымша жұмылдырылды.