Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Барак Обама жұмыс сапарымен Кубаға келді

AstanaTV
21.03.2016ж. 20:00
1448
Барак Обама жұмыс сапарымен Кубаға келді

Барак Обама жұмыс сапарымен Кубаға келді. Осылайша ол 88 жыл ішінде Бостандық аралына аяқ басқан АҚШ-тың алғашқы президенті болып отыр. Обама өзімен бірге жұбайы мен қос қызын ерте келіпті. Екі күндік іссапарда Ақ үй басшысы Куба президенті Рауль Кастромен кездесіп, жергілікті халық алдында сөз сөйлемек. Сонымен қатар ол кубалық кәсіпкерлермен кездесу өткізеді деп жоспарланған. Барак Обаманың өзі аталмыш сапарға «тарихи мүмкіндік» деген баға берді.

Еске салайық, АҚШ пен Куба 2014 жылы өзара қарым-қатынастың қалпына келгені туралы мәлімдеді. Екі елдің арасы осыдан елу жыл бұрын Кубада болған төңкерістен кейін салқындаған еді.

Барак Обама, АҚШ президенті:

Бүгінгі сапар - Кубамен арадағы жаңа қарым-қатынастың алғашқы қадамы. Бұл екі ел арасындағы дипломатияға тың мүмкіндік беретін тарихи кезең. Гаванада АҚШ елшілігі бар, бұл біздің мүдделеріміз бен құндылықтарымыздың сақталуының кепілдігі.

АҚШ тағы Хандсон институты әскери-саяси орталығының директоры Ричард Вайтц, бұл сапардың астары ап-айқын, дейді. Сарапшының пікірінше, Обама осы әрекетімен кез-келген елмен, оның ішінде Оңтүстік Америка мемлекеттерімен де серіктестік орнатуға болатынын дәлелдегісі келетін сияқты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ