Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Креативті индустрия өкілдеріне арнайы салықтық жеңілдіктер берілген

AstanaTV
14.03.2024ж. 17:39
1310
Креативті индустрия өкілдеріне арнайы салықтық жеңілдіктер берілген

Креативті индустрия өкілдеріне арнайы салықтық жеңілдіктер енгізілген. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтайдың «Мәдениет. Өнер. Руханият» жұмыс секциясының жиынында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрдің мәліметіне сүйенсек, енді креативті индустрия қызметінің 40 түрі бөлшек салықтың арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейді.

Креативті бизнес жеке табыс, қосылған құн және корпоротивтік табыс салықтарынан босатылады. Жеке кәсіпкерлер 2-ден 4%-ға дейін, ЖШС 8%-ға дейін бірыңғай салық төлейтін болады. Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама шеңберінде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5% жеңілдікпен несие беру енгізіліп отыр. Осы кезге дейін 26 млрд теңгенің 5,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Жұмыс орындарына 467 мың жас орналастырылды, -деді Аида Балаева.

Оның дайтуынша, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға NEET санатындағы жастар ұғымын бекіту бөлігінде өзгерістер енгізілген.

Бұл жастарды жұмысқа орналастыру, білім беру, біліктілігін арттыру бойынша жүйелі және атаулы жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Қазір жастар саясаты саласындағы индикаторларды күшейту тетігі пысықталып жатыр, - деді министр.