Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы билеті сатылды

AstanaTV
22.03.2024ж. 08:01
284
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы билеті сатылды

 Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының алғашқы билеті сатылды. Оны Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған сатып алды.

Біләл Ердоған көшпенділер ойынынында қазақ күресінен өтетін жарыстың тамашаламақ.

Бүл күндері төл күресіміз – қазақ күресі халықаралық аренада қарқынды дамып келеді. Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясы қазақ күресінің халықаралық олимпиадалық қозғалысқа қосылып, оның ілгерілеп дамуына үлкен қызығушылық танытып отыр.

Аталған спорттық іс-шара 12 қыркүйек күні, сағат 16.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.