Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбе облысында қарғын су тұрғын үйлер мен аулаларға кірді

26.03.2024ж. 20:00
305
Ақтөбе облысында қарғын су тұрғын үйлер мен аулаларға кірді

Ақтөбе облысының Темір ауданында 5 үй мен 25 ауланы су басты. Байғанин ауданының бірнеше ауылына баратын көпірді де су шайып кеткен. Ол елдімекендермен байланыс үзілді. Өңірде жедел штаб құрылған. Мамандар күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Аймақтағы тілшіміз Бакыт Қазанғапқызы жағдайды толығырақ жеткізеді.

Темір ауданында жағдай күрделі. Бүгін де сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Синоптиктердің болжамынша, ертең де күн жылы болады, жауын жауады.

Саид МОЛДАҚАРАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Темір ауданы Шұбарқұдық елдімекені бойынша ол жерде бес үйге су кіріп, 25 аулаға су кірді. Ол жерде 5-10 см үйге кірген. Бұзу жағдайлары тіркелген жоқ.

Темір ауданына 20982 әскери бөлімінен 54 қызметкер және 6 техника көмекке жіберілген. Сонымен қатыр Маңғыстау облысынан 52 адам мен 5 техника келді. Қазіргі уақытта көпірді су шайып кеткендіктен Әйтеке бидің Талдық ауылымен, Байғанин ауданының үш елдімекенімен қатынас жоқ.

Асхат ШАХАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бір аптаның ішінде қалпына келеді деп күтілуде. Су деңгейі төмендесе тиісті техникамен инерттік материал дайын тұр. Азық –түлік дәрі дәрмек толықтай қамтамасыз етілді.

Облыс орталығында да жағдай мәз емес. Бүгін таңертеңнен бастап қала шетіндегі бау-бақша ұжымдарын су басты.

Эдуард ЕРЁМИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Там у нас дамба стоит которую сегодня.... Бізде ол жерде дамба тұр еді. Бүгін сегізде соны ашып жіберген. Біз суға кеттік. Барлық мал -жанымыз үшін қатты алаңдап, қорқып отырмыз. Бар жиған тергенімізді, тіпті кредит алып осы үйді салған едік. Енді не болды.

Қазір бұл бау-бақша ұжымдарында суды сору, бөгеттер жасау шаралары жалғасып жатыр. Айта кетейік, облыста су тасқынымен күрес шараларына былтыр17 жоба жасалып, 1 млрдтан астам қаражат жұмсалған. Өңірде су тасқынынан қорғану, көпірлерді қалпына келтіру , су тасқынының алдын алу жоспарын толықтай орындау үшін 11 млрд теңгеден астам қаражат керек.