Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ангелина Лукас жекпе-жек алдында салмақ өлшеп, қарсыласымен көз арбасты

AstanaTV
30.03.2024ж. 15:07
387
Ангелина Лукас жекпе-жек алдында салмақ өлшеп, қарсыласымен көз арбасты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас жеңіліп көрмеген қарсыласымен жекпе жек алдында салмақ өлшеді, - деп жазды KAZINFORM.

Ангелина Лукас Таиланд астанасы Бангкоктағы жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу және көз арбасу рәсімінен өтті.

30 наурызда жергілікті промоушн өткізетін бокс кеші аясында Лукас жеңілмеген тай спортшысы Таньярат Джайклмен (6-0, 6КО) айқасқа шығады.

Жекпе-жек әрқайсысы екі минутқа созылатын алты раундтан тұрады.

Кездесу қарсаңында қос қарсылас екінші жеңіл салмақтың шегінде екеніне көз жеткізді.

Лукас мұның алдындағы жекпе-жегін 29 ақпанда Таиланд астанасында өткізген.

Ол кезде қазақстандық боксшы төртінші раундта тағы бір тай боксшысы Кадесара Джадпакдиді (7-4, 4КО) нокаутқа жіберген болатын.