Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Астанада жас айтыскерлердің республикалық байқауы өтті

AstanaTV
03.03.2016ж. 20:00
2093
Астанада жас айтыскерлердің республикалық байқауы өтті

Астанада жас ақындар арасында айтыстан байқау өтті. Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай ашылған оқушылар сарайына елдің түкпір-түкпірінен жас таланаттар жиналды. Ондағы мақсат -  жыр алыбы Жамбыл шығармашылығын насихаттай отырып, жас ақындарды іріктеп алу. Бір кездері ұмыт бола бастаған айтыс өнері бүгінде қайта жандана бастады. Тәуелсіздік жылдардан бері суырып салма ақындардың бірнеше толқыны шықты. Ұйымдастырушылардың көздегені қазақы асыл өнерді жалғастырар, жаңғашылдық алып келер таланттардың көзін ашу.

Балғынбек Имашев, айтыскер ақын:

Өзіміздің шама-шарқымызша жәрдем тигізіп жатырмыз. Осында үлкен айтыскер ақын ағалары қаржылық жағынан көмектесіп, әр ақынға шама-шарқы жеткенше өз аттарынан жүлделер ала келіп отыр балаларды қанаттандыру үшін.