Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодар облысында қар суын бұру жұмыстары жүріп жатыр

03.04.2024ж. 20:00
242
Павлодар облысында қар суын бұру жұмыстары жүріп жатыр

Павлодар облысында 4 ауылмен байланыс үзілді. Республикалық маңызы бар «Атамекен-Ертіс-Русская Поляна» автожолының бір бөлігі жабылды. Бұған Ертіс ауданындағы Ұзынсу ауылына қарғын судан төнген қатер себеп болған. Жергілікті атқарушы орган өкілдері ауылды су баспас үшін күре жолды бұзуға шешім қабылдаған. Өйтпеген жағдайда бүтін бір ауылды су басу қаупі төнген. Қазір елдімекендермен көлік қатынасы уақытша тоқтады. Мамандар қатты қарқынмен келген су ағып біткен соң, жол қалпына келтірілетінін жеткізді. Аймақтың солтүстік бөлігіндегі Ертіс, Железинка, Тереңкөл аудандарында қар әлі толық еріп біткен жоқ. Сондықтан, тасқын күшейеді деген қауіп бар.

Асқарбек ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Облыстың солтүстік аудандары ерекше бақылауда. Железин ауданы мен Тереңкөл ауданында елді мекендерден еріген қар суын бұру бойынша бөгеттерді толықтыру жұмыстары және арықтарды орнату әрекеттері жүргізілуде.