Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстандық гимнасшы Challenge Cup турнирінде топ жарды

AstanaTV
08.04.2024ж. 01:25
308
Қазақстандық гимнасшы Challenge Cup турнирінде топ жарды

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы кезекті турнир өтіп жатыр. Аталған сында қазақстандық Ілияс Азизов көзге түсті, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Еркін жаттығуда Азизов 14.200 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Бұл бәсекеде алтын медальді Украина, қоланы Болгагия атлеті иеленген.

Ал гимнастикалық ат снаряданда Ілияс 14.600 ұпаймен көш бастап, алтын медаль жеңіп алды.