Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады

10.04.2024ж. 20:00
243
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Бүгін-ораза айт мерекесі. Отыз күн ораза тұтқан жандар ізгі амалмен сабақтасқан айт мерекесін тойлауды бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын мұсылман қауымының ұлық мерекесімен құттықтады.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі. Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!