Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау – мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі",-Е.Қарин

11.04.2024ж. 20:00
231
"Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау – мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі",-Е.Қарин

"Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау – мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі". Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Сенат мақұлдаған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заң жобасына байланысты осындай пікір білдірді. Ол заң жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларының бірі екенін атап өтті.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Заң жобасын әзірлеуге Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың мүшелері белсене атсалысты. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс деп танылуы, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаның күшейтілуі және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған түрлі шаралардың белгіленуі заңның негізгі жаңашылдығы деп атауға болады.